Жаңалықтар

Ертеңнен бастап пойыздарда интернет пайда болады

25 қаңтардан бастап Қазақстан пойыздарына интернет қосылады

Зманауи спутниктік технологиялар арқылы пойыздарда ғаламторға қолжетімділікті қамтамасыз ететін пилоттық жоба іске қосылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Jambylinfo.kz.

Бұл қызмет ең алдымен жолаушылар арасында танымал бағыттардың бірі № ¾ «Астана-Алматы» пойызында жүзеге асырылады.


Ғаламтор қызметімен қатар, жоба аясында жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту және пойыз бригадасының жұмысын оңтайландыру үшін бірқатар заманауи технологияларды сынақтан өткізу көзделіп отыр. Олардың ішінде:

● Билеттерді жылдам және ыңғайлы тексеруге арналған жолсеріктердің мобильді құрылғылары;

● Вагон-мейрамханаларда қолма-қол ақшасыз төлем жасауға мүмкіндік беретін POS-терминалдар;

● Қауіпсіздік деңгейін арттыру және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін пойыз басшыларына арналған бейнетіркеуіштер;

● Вагондардағы жағдайды бақылауды күшейту үшін орнатылатын бейнебақылау жүйелері.