Жаңалықтар

«Ертерек үйленуім керек еді...»: актёр Аян Өтепберген жігіттерге 19-20 жаста үйленуге кеңес берді

Бұл туралы ол «1001 түн» бағдарламасында айтқан

Актёр, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Аян Өтепберген кеш үйленгеніне өкініш білдіретінін айтып, жігіттерге 19-20 жаста отау құруға кеңес берген, деп жазады jambylinfo.kz.

Актёрдің айтуынша, отбасылық өмірде береке бар. 

Аян Өтепбергеннің пікірінше, мына дүниеде барлық жетістікке өмірлік серігіңмен бірге жетуге болады. 

Еске салайық, актёр былтыр, яғни 2023 жылы 32 жасында шаңырақ көтерген болатын.