Есірткімен күрес: Алматыда 50 келіден астам гашиш пен мефедрон тәркіленді

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, күдікті азаматты ұстады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ер адамнан ірі көлемде есірткі және психотроптық заттар тәркіленді. Ер адамды жеке тінту барысында ішінде ұнтақ заты бар байламдар табылды, ал оның тұрғылықты жерін тінту кезінде одан да көп мөлшердегі есірткі, орауыш материалдар, электронды таразылар, шыны колбалар және басқа да құрылғылар табылды.
Сот сараптаманың қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 50,2 келіні құрайтын гашиш есірткі заты, сондай-ақ жалпы салмағы 700 грамм болатын мефедронның аналогы.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.