Есту қабілеті нашар бишілерден тұратын қазақстандық театр ұжымы АҚШ-та гран-при иеленді

0 18

Қазақстандық Sensitive би театрының ұжымы АҚШ-та өткен әлем чемпионатының гран-приін жеңіп алды. Әлемнің 72 елінен келген 3 мыңнан астам өнерпаздың ішінен жерлестеріміз топ жарды. Финалда отандастарымыз Америка, Ирландия, Франция, Австралия, Канада және Германия елінің бишілерімен бақ сынасты. Айта кету керек, Sensitive бал биі театры қатысушыларының құлағының мүкісі бар. Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы арнайы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мен түлектері. Бұған дейін өнерпаздар көптеген беделді халықаралық байқаулардың жүлдегері атанған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.