Еуро мен доллар соңғы 20 жылда алғаш рет теңесті. Биыл бірыңғай еуропалық валютаның бағамы АҚШ-қа қатысты шамамен 14%-ға, ал өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 17,8%-ға арзандады, деп хабарлайды Жамбыл инфо, Еuronews.com сайтына сілтеме жасап.
Қысым көрсететін негізгі фактор — энергия бағасы және Ресей Федерациясынан газ жеткізуге байланысты алаңдаушылық. Динамикаға Вашингтон мен Брюссельдің ақша-несие саясатындағы айырмашылықтар да әсер етеді — ФРЖ базалық мөлшерлемелерді арттырады, ал ЕОБ төмен деңгейде ұстайды.