Финляндия Қазақстан арқылы жүк тасымалдайтын жаңа бағытты іске қосты

0 3

Финляндия Қазақстан арқылы жүк тасымалдайтын жаңа бағытты іске қосты

Финляндиядағы ең ірі жүк операторы Nurminen Logistics Қытайдан Қазақстан арқылы жүретін контейнерлік бағытты іске қосты.

Жол Қытайдан басталып, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Румыния арқылы Орталық Еуропаға өтеді. Компания қазақстандық теміржолшылармен бірлесе отырып, екі айдың ішінде жол бағытын нөлден бастап құрды. «Жаңа бағыттағы пойыз үлкен сұранысқа ие. 25 мамырда жүретін келесі пойызға санаулы ғана орын қалды. Апта сайын жүретін рейс маусым айына жоспарланып отыр», — делінген компания хабарламасында. Бұған дейін Nurminen Logistics Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту ниеті туралы мәлімдеп, 16 наурызда Қазақстан мемлекеттік теміржолымен коммерциялық пайдалану туралы келісімге қол қойды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.