Жаңалықтар

Флойд Мейвезер жекпе-жекте блогерді жеңе алмады

Флойд Мейвезер жекпе-жекте блогерді жеңе алмады

Бес салмақ дәрежесінде бокстан бұрынғы әлем чемпионы кіші Флойд Мейвезер блогер Логан Полды жеңе алмады.

Жекпе-жек Майамидегі (АҚШ) Hard Rock Stadium стадионында өтті. Бокс сегіз раундқа созылды. Мейвезер бүкіл жекпе-жек барысында жақсы өнер көрсетті, бірақ қарсыласын жеңе алмады. Айта кетейік, жекпе-жек спортшылардың кәсіби рекордына кірмеген. Бұл жекпе-жегі үшін Мейвезердің кепіл ақысы он миллион доллар болды. Сонымен қатар ол сатылымының 50 пайызын алады. Полға келетін болсақ, оның кепілдендірілген ақысы - 250 мың доллар, сонымен қатар ол ақылы эфир сатылымының он пайызын алады.