Франциядағы президент сайлауында Макрон жеңіске жетті
Франциядағы президент сайлауында Макрон жеңіске жетті
Франциядағы президент сайлауының екінші турында Макрон жеңіске жетті. Экзитполдың алдын ала нәтижесі бойынша, Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон алда келе жатыр. Ол сайлаушылардың 58% дауысын жинаса, қарсыласы Марин Ле Пен - 42% қолдауға ие болған. Сайлауға тұрғындардың 70% қатысты деп хабарланды. Кейін Марин Ле Пен сайлаудағы өзінің жеңілісін мойындап, алдағы уақытта парламенттік сайлауға қатысатынын жеткізді. Еске салсақ, 10 сәуірде өткен Франциядағы президенттік сайлаудың бірінші турында қазіргі президент Эммануэль Макрон 27,4 % дауыс жинап, жеңіске жетті. Екінші орында «Ұлттық қауымдастық» партиясының төрағасы Марин Ле Пен, ол 24,0 % дауыс иеленген. Екі кандидат келесі кезеңге өткен болатын.