Францияда түнде жарнама экрандарына тыйым салынады

0 39

Францияның энергетика министрі Аньес Панье-Джуно түнде кез келген жарық жарнамаға тыйым салатын жарлық шығаратынын жариялады, деп хабарлайды Жамбыл инфо, Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

«Le Journal Du Dimanche» басылымының мәліметінше, цифрлық жарнама экрандарына тыйым салынбақ. Францияның экологиялық қауымдастығы осындай тыйым салуға шақырып жатыр.

«Франция үкіметі түндегі барлық жарық витриналарға, дүкендердің сыртындағы неондық шамдарға тыйым салады», — деп жазды танымал француз басылымы.

Қалалардың көлеміне қарамастан, сағат 1-ден таңғы 6-ға дейін жарнама билбордтарына тыйым салынады. Тек вокзалдар мен әуежайларға рұқсат етіледі.

«Energy Futures 2050» есебіне сәйкес Францияда 9 мыңға жуық цифрлық экран бар және бұл көрсеткіш жыл сайын шамамен 20%-ға артып келеді. 2020 жылдың қыркүйегінде жарияланған көрсеткіште Экология агенттігі (Ademe) барлық көлемдегі 55 мың цифрлық жарнама билбордын есептеді, бұл алдыңғы екі жылмен салыстырғанда 40%-ға көп.

Экологиялық белсенділер цифрлық билбордтар қоршаған ортаға қатты зиян келтіреді деп санайды. «Он жыл қолданғаннан кейін әрбір панель 20 477 кВтс қуат қажет етеді – бұл төрт үйдің жылдық энергия шығыны», — делінген есепте.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.