Жаңалықтар

Фристайл-могулдан бүгін тағы күміс медаль бұйырды

Денис Раструба мен Юлия Фиклистова жұбы күміс жүлде жеңіп алды

Осылайша фристайл-могулдан Ұлттық құрама жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын 1 алтын, 2 күміс жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бүгін Алматыда «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында отандық спортшылар күміс медальге ие болды.

Жұптық сында Қазақстан-2 командасы (Денис Раструба, Юлия Фиклистова) финалға жетіп, 28 ұпай жинады. Бірінші орынды АҚШ-2 құрамасы алса, үздік үштікті тағы америкалық жұп түйіндеді.