Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекия командасына есе жіберді
Бүгін Қазақстан және Грекия құрамалары Ұлттар лигасының жартылай финалында кездесті. Афинадағы "Айя-Cофия" стадионында өткен ойын 5:0 есебімен Грекия командасының пайдасына шешілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап
Ойын есебін 8-минутта Грекия сапынан Анастасиос Бакасетас ашты. Кейін оның командаластары Димитриос Пелкас, Фотис Иоаннидис, Димитрис Курбелис гол салды. Алғашқы тайм 4:0 есебімен аяқталды. Екінші таймда Қазақстан құрамасының ойыншысы Еркін Тапалов автогол соғып, есепті 5:0-ге жеткізді.
Осылайша, футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылды. Ал Грекия командасы 26 наурызда Грузия құрамасымен Еуро-2024 турниріне жолдаманы сарапқа салады. Сол күні Люксембург пен Қазақстан командалары жолдастық кездесу өткізеді.