Футзалдан ӘЧ: Қазақстан мен Испаниямен тең түсті
Өзбекстанда футзалдан әлем чемпионаты бастады
Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы ойынында Испаниямен кездесіп, тең түсті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ойын өте тартысты басталған. Соған қарамастан ұлттық құрама ойыншысы Біржан Оразов небәрі бесінші секундта қарсыластар қақпасына гол соғып, команданы алға шығарды.
Алайда қызуқанды испандықтар ойынның 17-минутында Хесус Гордильо есепті теңестірді. Осылайша құрамалар 1:1 есеп нәтижесімен тең тарқасты.
Айта кетейік, бұған дейін қазақ-испан ойыншылары 4 мәрте кездессе, барлығында испаниялық футзалшылар жеңіске жеткен еді.
Енді Қазақстан құрамасы D тобында 18 қыркүйекте Ливиямен ойнаса, Испания Жаңа Зеландиямен шеберлік байқасады.