Жаңалықтар

«Гүлзираға жақпай қалды»: Қайрат Нұртастың анасы келіні неге ажырасқанын айтты

«Гүлзираға жақпай қалды»: Қайрат Нұртастың анасы келіні неге ажырасқанын айтты

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова «MOM'sкий әңгіме» подкастында ұлы Заңғардың бірінші әйелімен неге ажырасқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz. Жүргізуші Айнұр Ілиясова ел арасында «Гүлзираға жақпай қалды» деген пікір бар екенін айтып, мәселенің нүктесін қоюды сұраған.

Ол келінін енесі емес, халықтың сөзі ажыратқан сияқты деп айтып қалды. Сосын Жұлдыздың тойға келмегенін де астарлап жеткізді.

Айта кетейік, Қайрат Нұртастың кенже інісі Заңғар Қытайда бірге оқып, кейіннен танысқан Жібекпен некесі сәтсіз болып, ажырасып кеткен еді. Бірақ жақында ол екінші рет отбасын құрды. Осы тойға жеңгесі Жұлдыз Әбдікәрімова келмей, желіде біраз талқыланған еді.