Газ инфрақұрылымын дамыту Жамбыл облысында қарқынды жүргізіліп келеді
Жамбыл облысында газ инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді. Қазіргі уақытта өңірдің 35 елді мекенінде газ желісін тарту және құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жамбыл облысында газ инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді. Қазіргі уақытта өңірдің 35 елді мекенінде газ желісін тарту және құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Бұл мақсатқа биыл 16,7 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп, тұрғындарды табиғи газбен қамту сапасын арттыру көзделген. Жобалар толық іске асқанда, 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстың газдандыру деңгейі 91,8%-ға жетеді. Бұл өткен жылғы 91,3%-дық көрсеткіштен жоғары болып, өңір халқының тұрмыс сапасын жақсартуға елеулі үлес қоспақ.
Газ жүйесінің дамуы тек отын жеткізудің тиімділігін арттырып қана қоймай, экологиялық ахуалды жақсартуға, тұрмыстық шығындарды азайтуға және тұрғындарға қолайлы өмір сүру жағдайын жасауға мүмкіндік береді.