Газ компрессоры станциясында оқу-жаттығу өткізілді

0 9

 

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылының маңында орналасқан №3 газ компрессоры станциясында оқу жаттығу өткізді.

Аталған оқу-жаттығуға Тараз қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен және кезекшілік өрт сөндіру қызметінен барлығы 3 техника мен 12 адам жеке құрам жұмылдырылды. Ал «Астана кешенді қауіпсіздік қызметі» ЖШС «Тараз» газ тасымалдау басқармасынан 3 техника, 10 адам қосылды.

Өрт тактикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — аталған нысанда шартты өрт сөндіруді ұйымдастыру мен жүргізу бойынша кездесуі ықтимал мәселелер туындағанда қатардағы және аға басшы құрамды тәжірибелік тұрғыдан машықтандыру, сонымен қатар азаматтық қорғау қызметкерлерінің нысанмен және нысан тұлғаларымен  өзара әрекеттестікке баулу.

Жаттығу барысында  нысанның жанар-жағар май сақтау қоймасындағы құрылғылардың ақауы салдарынан өрт шықты.  Жамбыл облысы ТЖД күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының  бағыттаушылары №2 жоғарғы шақырту бойынша шартты өртке Тараз қаласы гарнизонының өртке қарсы қызметінің күштері мен құралдары жөнетілтілді. Оқиға орнында 2 өрт сөндіру штабының жұмысы ұйымдастырылды және  2 жауынгерлік участок құрылды. Шартты өрт алаңы 200 шартты метрді  құрады. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 20 адамды қауіпсіз орынға көшірді.  Зардап шегушілер тіркелмеді.   Бөлімшелер алға қойған тапсырмаларын жетістікпен орындап, жаттығу нәтижесінде шартты өрт сөндірілді.  Жаттығу соңында өрт сөндіруші-құтқарушылар аталған нысанның ерекшелігімен танысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.