Германиядағы ірі көлік апаты: Көктайғақ салдарынан 50-ге жуық көлік соқтығысты

0 3

Германияның Амберг қаласында (Бавария федералды жері) шамамен 50 көлік соқтығысқан жол апаты болды. Бұл туралы бейсенбі күні кешке BILD газеті хабарлады.

Оның айтуынша, бірнеше адам жарақат алған. Оқиға орын алған нөмірі алтыншы автобан екі бағытта да толығымен жабылды. Жол апатына мұзды жаңбыр себеп болды. «Мәселе мынада, Жоғарғы Франконияда мұз аралас жаңбыр жауды. Тіпті әріптестеріміздің өзі апат орнына жеткенде қиындықтарға тап болды», — деді тәртіп сақшылары

Leave A Reply

Your email address will not be published.