Гимнаст Нариман Құрбанов олимпиаданың күміс жүлдегері атанды
Олимпиаданың тоғызыншы күні ел қоржынына Париж олимпиадасының күміс медалі түсті
Бүгін, 3 тамызда Париж олимпиадасында қазақстандық Нариман Құрбанов тұтқалы ат жаттығуында күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
27 жастағы Нариман Құрбановтың күміс жүлдесі - Қазақстанның гимнастикадан олимпиада ойындарында алған ең алғашқы медалі.
Құрбанов жаттығуы үшін 15,433 ұпай алды.
Ал Ирландия елінің спортшысы 15,533 ұпаймен Рис Маккленаган Париж Олимпиасының чемпионы атанды.
Қола жүлде америкалық спортшыға бұйырды.
Еске салайық, қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 қола, 1 күміс медаль бар.