Гүлдана Санақбайдың өлі денесі Шу өзенінің бойынан табылды

0

11 ақпан күні Жамбыл облысы Шу ауданында жоғалып кеткен 23 жастағы Гүлдана Санақбайдың денесі табылды. Сондай-ақ бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікті де қолға түсіп отыр.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Тергеп-тексеру барысында 29 сәуірде Шу өзенінен жоғалып кеткен азаматшаның күш қолдану белгілері бар мәйіті табылды.

Табылған мәйітті жәбірленушінің туыстары таныды.

Алдын ала тергеу барысында күдіктінің жәбірленушіге пышақ сұққаны, содан кейін қылмысты жасыру мақсатында денені Шу өзеніне тастағаны анықталды.

Жалпы Гүлдана Санақбайдың өлі денесі табылғаны туралы ақпар кешеден бері тарай бастаған болатын. Алайда құзырлы органдар ресми мәлімдемені бүгін жасады.

Сенімді дереккөзге сүйенсек, күдікті ретінде бұған дейін де айтылған оның күйеуі ұсталған көрінеді.

Aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.