Жаңалықтар

"Хабар" арнасындағы жұрттың ашуына тиген ток-шоу жабылды

"Хабар" арнасында екі күн бұрын басталған "Бірақ..." ток-шоуы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйел туралы бағдарламасы көптің ашуына тиді

Редакция күйеуінен зәбір көрген 6 баланың анасын студияға шақырған. Ол 18 жыл бойы зорлық-зомбылық көрген. Күйеуі ұрып-соғып, қолын да сындырған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бағдарлама авторлары әйелдің түрін көрсетпеуге уәде берген, күйеуі бағдарламаға шақырылмайтынын айтқан. Бірақ ешбір уәде орындалмаған. Салдарынан студияда күйеуін көрген әйелдің психологиялық жағдайы қиындап кетті.


Бұл жағдайға байланысты мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді.