Халықаралық олимпиадалардың 27 жеңімпазы 4,7 млн теңгеден алды

0 16

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиада жүлдегері болған оқушыларды марапаттады.

«Биыл дарынды балаларымыз 27 медаль жеңіп алып, өткен жылдардағы рекордтарын жаңартты. Биыл құттықтаудың өзі де балалар, олардың ата-аналары және мұғалімдер үшін ерекше қуанышты болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының арқасында 27 жеңімпазға 4,7 млн теңгеге дейінгі сертификаттар табыстадық. Сондай-ақ оқушылар ҰБТ тапсырмай-ақ қазақстандық ЖОО-да оқуға гранттар алды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады», — деп жазды министр желіде.

Министрдің айтуынша, биыл тізімге 7 халықаралық олимпиада кірсе, келесі жылы ол тағы 7 беделді халықаралық олимпиадамен толығады.

Сондай-ақ жүлделі орын алған оқушыларды дайындаған ұстаздар да біржолғы ақшалай төлем ал, балалардың ата-аналарына да алғыс хаттар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.