«Хат жолдады да, асылып қалды». Алматыда форма киген жігіт суицид жасады
«Хат жолдады да, асылып қалды». Алматыда форма киген жігіт суицид жасады
Алматы қаласы Әуезов ауданының Анар есімді тұрғыны телефон соғып, үйінің ауласында бір жігіттің асылып қалғанын хабарлады, деп жазады exk.kz. Оқиға түскі үзіліс кезінде болған. Көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатында тұратын келіншек аулаға қарайтын терезеге көз салғанда жасы 30-дар шамасындағы ер адамның ағаш бұтағында асылып тұрғанын көреді.
Келіншек жұбайының бірден аулаға жүгіріп шығып, полицияға хабар бергенін айтады. Тәртіп сақшылары оқиға болған жерді суретке түсіріп, марқұмның денесін өздерімен бірге алып кеткен.
Алматы қалалық Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.