Жаңалықтар

«Хиджаб – діни киім»: Министрлік орамалға қатысты нақты шешім қабылдады

Оқу-ағарту министрлігі ата-аналар мектептегі талапты қатаң сақтауға міндетті екенін ескертті

Оқу- ағарту министрлігі мектептегі орамал мәселесіне қатысы нақты ұстанымым білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Министрлік мектептер үшін міндетті мектеп формасының талаптарына қатысты мәселе баяғыда шешілгенін және ережелер "білім туралы" Заңға сәйкес әзірленгенін хабарлады.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Жоғары сот мектептерде орамал тағу заңды деген ақпарат таратқан. 

Алайда, араға бір күн салып, Жоғарғы сот бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.