Румынияда шайбалы хоккейден Қазақстанның жасөспірімдер құрама командасы 18 жасқа дейінгі қыздар аарсында өткен әлем чемпионатының В тобындағы екінші дивизионда бірінші орынды жеңіп алды.
Қазақстан құрамасы өз тобында Болгария, Жаңа Зеландия, Бельгия, Эстония және Исландия командасымен сынға түсіп, қарсыластарының бәрін ұтты. Құрама команда топтағы алғашқы матчта Болгарияны 8:1, одан кейін Жаңа Зеландияны 7:1, Бельгияны 5:3, Эстонияны 8:0, Исландияны 7:0 есебімен ойсырата жеңді. Қазақстан құрамасы соңғы ойында Исландиямен бірінші орын үшін күш сынасты.
Қорытынды ойын кестесінде Қазақстан хоккейшілер 15 ұпаймен бірінші орын алды. Одан кейінгі орындардағы Бельгияның 11, Исландияның 9, Жаңа Зеландияның 6, Болгарияның 4 ұпай алған болса, Эстония ұпай жинаған жоқ.
Осылайша отандастарымыз екінші дивизионның А тобында сынға түсуге мүмкіндік алды.