"Игра в кальмара" режиссері сериалдың жалғасын күтетіндерге үндеу жасады
"Игра в кальмара" режиссері сериалдың жалғасын күтетіндерге үндеу жасады
"Игра в кальмара" сериалының сценарий авторы әрі режиссері Хван Дон Хек Лос-Анджелестегі іс-шара кезінде сериалдың екінші маусымының шығуын күтіп жүргендерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Flow сайтына сілтеме жасап. Ол жалғасы болатынын, бірақ қазір жұмыс тек жоспар күйінде екенін айтты.
Режиссер бірінші маусымның басты кейіпкері Сон Ки Хун екінші маусымда оралатынын растады: "Ки Хун оралатынына уәде беремін. Ол әлем үшін бір нәрсе жасайды". Корейлік "Игра в кальмара" драмасы қыркүйекте "Нетфликске" шығып, ең танымал сериалға айналды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!