Илон Маск Twitter компаниясының жаңа қожайыны атанды

0 20

Ол компанияны 44 миллиард долларға сатып алды. Осыған байланысты әлеуметтік медиа компанияның бұрынғы басшысы Параг Агравал мен қаржы директоры Нед Сегал «Twitter»-дің Нью-Йорктегі кеңсесінен кетті. 

«Washington Post» газетінің хабарлауынша, Маск әйгілі компанияны өз иелігіне алғаннан кейін оның қызметкерлерінің 75 пайызын қысқартуды жоспарлап отыр. 

Айта кетсек, «Twitter»-де 7,5 мыңдай адам жұмыс істейді. Енді солардың саны 2 мыңға дейін азаюы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.