Илон Масктың компаниясы алғаш рет адам миына чип орнатты
Илон Масктың компаниясы алғаш рет адам миына чип орнатты
Бұл туралы компанияның негізін қалаушы, миллиардер Илон Маск өзінің твиттер парақшасында жариялады.
Құрылғы есту аппаратына ұқсас. Құлақтың артына орнатылған ол қозғалысты басқаратын аймақтағы бір жарым мың жіп тәрізді электродтар арқылы мидан сигнал алады. «Телепатия» деп аталатын өнім телефонды, компьютерді немесе басқа құрылғыны ойдың күшімен басқаруға мүмкіндік береді. Құрылғыны жасаған мамандардың пікірінше, ол сал ауруына шалдыққан науқастар мен есту және көру қабілеті бұзылған адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесуі керек. Бұл жоба 2016 жылы пайда болған. 2021 жылы жануарларға сәтті эксперименттер жүргізілді. Өткен мамырда Neuralink-ті адамдарға эксперимент жүргізуге рұқсат алып, қыркүйек айында еріктілерді тарта бастады.