Илья Ильин маскүнемдіктен емделіп жатқан досы Алмас Өтешевке барды
Ауыр атлет Алмас Өтешев Астанадағы оңалту орталығының бірінде маскүнемдіктен ем алып жатыр
Танымал спортшы Илья Ильин маскүнемдіктен оңалту орталығында емделіп жатқан әріптесі Алмас Өтешевке барып, зілтеміршінің қазіргі жағдайын көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Илья Ильин бір сұхбатында 10 жылдан бері алкогольді ішімдікке тәуелді болған әріптесі Алмас Өтешовтің ем қабылдап жатқанын айтып, оның жағдайын бақылауда ұстап отыратынына уәде берген.
Өз кезегінде Алмас Өтешов қиын кезде қасынан табылған досы Илья Ильинге алғысын айтып, алкогольді ішімдікке тәуелділікті жеңген соң жаңа өмір бастауға ниетті екенін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмаз Өтешов "Уақыт көрсетеді" подкастында спорттан шеттетілгенін айтып, ауыр атлетика федерациясынына өкпе-ренішін айтқан. Сондай-ақ оның күзетші болып жұмыс істегені белгілі болған.