Жаңалықтар

Индонезияда су тасқынынан 27 адам қаза тапты

Билік хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

Sky News таратқан мәліметке сүйенсек, 20-дан астам адам жарақат алған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Синоптиктер төтенше ауа райы жыл соңына дейін жалғасады деп болжап отыр. Нөсер жаңбыр сондай-ақ Медан провинциясының әкімшілік орталығында су тасқынына ұласып, елдегі сайлау процесінің тежелуіне әкелді.

Елде 17 мыңнан астам арал бар. Ал таулы аудандарда миллиондаған адам тұрады.