Инфляция жаппай өсуі мүмкін — Президент

0 48

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын талқылау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жұмыс орындарын ашуды тапсырды, деп хабарлайды Жамбыл инфо.

«Халықаралық институттар әлемдік экономика қарқыны бәсеңдейді деген болжам айтуда. Соған сәйкес инфляция жаппай өсуі мүмкін. Өңірлік дағдарыстың ұзаққа созылып бара жатқанын байқап отырмыз. Тіпті, бұл ахуал жаһандық тоқырауға ұшыратады деген қауіп бар», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Осындай жағдайда Үкіметтің және Ұлттық банктің негізгі міндеті – инфляцияны тұрақтандырып, азаматтардың табысын арттыру болуға тиіс. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет», — деді Мемлекет басшысы.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын баяндады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.