Жаңалықтар

Инфрақұрылым – өңір дамуының негізі

Жамбыл облысы бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы 350,7 шақырым, оның ішінде тозу деңгейі – 54%. Бұл көрсеткішті төмендету үшін келесі ірі жобалар қолға алынған.

Жамбыл облысы бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы 350,7 шақырым, оның ішінде тозу деңгейі – 54%. Бұл көрсеткішті төмендету үшін келесі ірі жобалар қолға алынған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

         •        Тараз қаласында М-1, М-3 жылу магистральдері жаңғыртылуда (жалпы құны – 10,6 млрд теңге),

         •        Қаратау және Жаңатас қалаларындағы орталық қазандықтар да жаңартылады.

Осы жұмыстардың нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 2025 жылы 53%-ға дейін төмендейді.