Жаңалықтар

«Інім ғана қолдады»: Әли Оқапов «Жұлдызды жұп» жобасын Мәди Рымбаевпен жалғастырады

Оқаповты сын сәтте әріптестері қолдамапты

 Әнші, музыкант Әли Оқапов «Жұлдызды жұп» жобасынан актриса Фариза Ескерместің кеткеніне қарамастан жобаны інісі Мәди Рымбаевпен жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

«Бұл жоба туралы әлі де айтарым бар. Өйткені өзіме жұп іздеп, әріптестеріме хабарластым. Бірақ олар менің экс жұбымды алмастыруға дайын болмай шықты. Көбісі: «Неге ол бұрын ұсынылмады? Неліктен мен қазіргі жағдайға байланысты біреуді ауыстыруым керек?» Бірнешеуі «жоқ» деген жауаптарды естігенде, осындай қиын-қыстау кездерде сені отбасың ғана сені әрқашан қолдайтынын түсіндім», - деді Әли Оқапов.

Әншіге қолдау көрсету үшін інісі Мәди Рымбаев келіп, жобаны жалғастыруға ұсыныс жасаған.

Енді ағайындылар бірігіп жобаны жалғастыратын болады.