«Инсульт – қауіпті ауру»: инсульттің алдын қалай алуға болады
29 қазан - Дүниежүзілік инсультпен күрес күні
Бұл айтулы күн 2004 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (World Health Organization) инсультті жаһандық індет деп жариялаған кезде басталап аталып өтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo kz.
Инсульт - адамды өлімге және мүгедекке алып баратын қауіпті дерт.
Қазақстанда жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсульт алса, былтыр яғни 2023 жылы бұл көрсеткіш 45 мыңға дейін артқан.
Дәрігерлердің айтуынша, инсульттің негізгі себептері жоғары қан қысымы, қант диабеті, жоғары холестерин, төмен физикалық белсенділік, семіздік, темекі шегу, жыпылық аритимия және тағы да басқа аурулар.
Инсульттің алғашқы белгілерін тану және «терапиялық терезе» деп аталатын жерде нақты медициналық көмек — симптомдар басталғаннан кейінгі алғашқы 4,5 сағатта барынша тиімді екенін есте ұстаған жөн. «FAST суперқаһармандары»халықаралық білім беру бағдарламасы инсульттің алғашқы белгілерін тануға және жедел жәрдем шақыруға үйретеді.
Face - бір жағына салбырап немесе қисайып кететін бет (жансыздану). Адам күле алмайды.
Arms - бір қолдың әлсіздігі (бұлшықет әлсіздігінің пайда болуы), қол жансызданып, салбырап қалады.
Speach - сөйлеудің бұзылуы, дауыс тембрінің өзгеруі, адам фразаны нақты айта алмайды.
Time - егер бұл белгілер болса, жедел жәрдем шақыру керек, - деп түсіндірді «FAST суперқаһармандары» жобасының үйлестірушісі негізгі компоненттерді.
Ақ желеңді абзал жандар инсульттің алдын алуға болатынын ескертеді.
Оның басты шарты: медициналық тексеруден өту, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру және күнделікті физикалық белсенділікті ұмытпау қажет.