Интернет алаяқтықтың жаңа тәсілдері желіде желдей есуде

0 6

«Хабар 24» телеарнасы интернет-алаяқтардың жаңа айла-әрекеттері туралы ескертеді. Киберқылмыскерлер мемлекеттік арнаның корпоративтік логотиптерін пайдаланып құмар ойындарын жарнамалауда. Арна ұжымы осы себепті күдікті сілтемелерге өтпеуді және алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды ескертеді.

«Зат жеткізуші болып жүріп миллионер атану» немесе «Барлығына 67 000 теңге төлем» секілді аты жер жарарлық айдарлар Қазнет қолданушыларының назарын аударады. Айлакерлердің түпкі мақсаты да сол. Алаяқтар өздерінің жалған әңгімелерінде «жарқын» тақырыптарды көрермендерді қызықтыру үшін әдейі пайдаланады. Ал сенімділік пен шынайылық үшін олар республикалық телеарнаның корпоративтік дизайнын пайдаланады.

«Мұндай жалған хабарлар аптасына бірнеше рет тіпті жиі шығып тұрады. Және олар «Хабар» арнасының немесе осы агенттікке тиесілі арналардың ресми логотипі бар ресми жаңалықтардан түрлі кесінділер кірістіріп жасалған әртүрлі бейнелер ретінде құрастырылады. Сонымен қатар онда пайдаланушыны лотерея немесе ойын элементтері бар оқиғалар болатын басқа бір бөтен сайтқа сілтеме арқылы беріледі» ,- дейді «Хабар» агенттігінің интернет-жобалар дирекциясының бас редакторы Фатима Нұрғалиева.

Жалған ақпаратты шындықтан ажырату соншалықты қиын емес. Телеарнаның түпнұсқалық материалдарында тақырып міндетті түрде болады, оқиға болған жердің орын көрсеткіші және ағымдағы жаңалықтармен сырғитын сызық сонымен бірге қажетсіз белгілер мүлдем болмайды. Ал жалған ақпаратта барлығы керісінше: мазмұндағы жас шектеуін қатаң 18+ шектеу және қосымшаның жарнамасы бар қалқымалы логотип орналастырылады.

Орталық Азия бойынша YouTube Genesis директоры Самсон Безмятежныйдың айтуынша, мұндай жағдайлар алаяқтар телеарналар, банктер атынан өздерін басқа атаумен, басқа брендпен таныстырған кездерде болып тұрады.

«Бізде барлық арампиғылды жарнама берушілерді қосатын қара тізім құралы бар және сәйкесінше ол жұмыс істейді. Бірақ біз оны мұндай жарнамаларды ашқанда ғана оны анықтап, толықтыра аламыз. Бұл арампиғылды жарнама берушілер немесе алаяқтар өз қызметін Қазақстаннан мүлдем тыс аймақта Ресей мен Украинадан жүргізуі мүмкін» ,- дейді ол.

Мұндай жалған жарнама жасаушыларды жауапқа тарту мүмкін емес, дейді құқық қорғаушылар. Алайда телеарна өзінің авторлық құқығын сотта даулай алады. Адвокаттар мұндай жарнаманы сатып алған жәбірленуші азаматтардың сотқа жүгіне алатынын да баса айтып өтті.

«Егер бұл бейнені таратқан, бейнені монтаждаған, жариялаған адамдар анықталмаса, онда талапкерлер — диктор немесе телеарнаның өзі бұл ақпаратты жарамсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы. Осыған байланысты сот тиісті шешімін шығаратын болады. Сот мұндай ақпаратты таратқаны үшін айыппұл салуға құқылы» ,- дейді заңгер Төлеген Балтанов.

Алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың басты жолы – сақтық. Канал ұжымы арнаның ресми аккаунттары мен веб-сайтындағы ақпаратты мұқият тексеруді ұсынады. Өз кезегінде, «Хабар 24» ұжымы мұндай ұтыстарды өткізбейтінін және онлайн құмар ойындарын жарнамаламайтынын мәлімдейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.