Иракта «қара зең» ауруы тарап жатыр

0

Ирактың оңтүстігінде мукормикоз немесе «қара зең» деп аталатын аурудан кем дегенде екі адам қайтыс болған.

Елдің денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Аммар әл-Замили Ирактың Ди-Кар ауданында «қара зең» ауруынан екі адам қаза болғанын айтады.

Олар коронавирус инфекциясынан туындаған асқынулардан кейін көз жұмған. Медицина мамандарының айтуынша, 51 жастағы науқастың көзіне қара саңырауқұлақ шықаннан кейін осындай диагноз қойылған. Елді мекен аумағында мукормикоздың төрт жағдайы анықталды.

Ирак денсаулық сақтау департаментінің директоры Абдул Амир Әл-Халфидің сөзінше, топырақ пен ауыл-аймақтың ластануына байланысты «қара зең» жұқтыру қаупі бар.

Мукормикоз немесе «қара зең» – бұл саңырауқұлақ инфекциясының салдарынан болатын асқыну. Ауру қант диабетімен ауыратын адамдар үшін, әсіресе коронавирустан кейін иммунитеті төмендегендер үшін қауіпті.

Еске салайық, бұған дейін Үндістанда коронавирус жұқтырып, одан жазылғандардан «қара зең» анықталған болатын. Үндістанның Раджастан және Телангана штаттары «қара зең» эпидемиясын жариялаған.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.