Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің келісімімен Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы болып Жамангозов Бейқұт Тлебалдыұлы тағайындалды. Жаңа басшыны облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев ұжымына барып таныстырды. Бейқұт Жамангозов 1969 жылы 6 наурыз күні Жамбыл облысы Қордай ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Шымкент автомеханикалық техникумын «Техникалық қызмет көрсету және автомобильдерді жөндеу ісі» мамандығы, 1998 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Денешынықтыру мәдениеті және еңбек пәнінің мұғалімі» мамандығы, 2003 жылы Қырғыз-Ресей білім беру академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 30.08.1990 — 29.08.1995 ж.ж — мұғалім, Қордай ауданы Шарбақты ауылы №36 Сауранбаев орталау мектебі, Қордай ауданы Шарбақты ауылы; 29.08.1995 — 17.02.2003 ж.ж — директор, Қордай ауданы Шарбақты ауылы №36 Сауранбаев орталау мектебі, Қордай ауданы Шарбақты ауылы; 17.02.2003 — 29.08.2008 ж.ж — басшының орынбасары, Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Қордай ауданы Қордай ауылы; 29.08.2008 — 16.08.2010 ж.ж — Қордай ауданы әкімінің орынбасары, Қордай ауданы Қордай ауылы; 16.09.2010 — 29.08.2012 ж.ж — Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары, Тараз қаласы; 29.08.2012 — 20.09.2012 ж.ж — Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бас маманы, Тараз қаласы; 20.09.2012 жылдан осы күнге дейін Қордай ауданы әкімінің орынбасары, Қордай ауданы Қордай ауылы;