Испания ағаш егетін дрон ойлап тапты
Испания ағаш егетін дрон ойлап тапты
Испанияның оңтүстігінде ұшып жүріп, ағаш егетін дрон пайда болды. Жаңа технология - жергілікті ғалымдардың еңбегі. Айтуынша, құрылғы 2 күн ішінде 50 гектар аумаққа 500 мыңға жуық тұқым себеді. 2016 жылы «Сайәнс» журналы Испанияның оңтүстігіндегі ормандар толық қурап, бұл аймақ шөлге айналады деп болжаған еді. Экологтар ормандардың құруына климаттың өзгерісі басты себеп дейді. Дегенмен ұшып жүріп, тұқым себетін дрондар бұл апаттан құтқарады деп сенеді өнертапқыштар. Даниел Калатаюд, орман өсіру маманы: - Біз ағаш тұқымдарын капсулаға саламыз. Осылайша тышқандар мен құстардан қорғаймыз. Сондай-ақ олар жаңбырдан кейінгі ылғалды ұзақ ұстап, күн көзінде құрғап кетуден сақтайды.