Испанияда «омикрон» штамының тарау қарқыны үдеп, көшеде маска тағу қайта міндеттелді

0 3

Штамм пайда болысымен елде оныу тарау қарқыны күрт артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап. Израиль әлемде бірінші болып вакцинаның төртінші дозасымен ревакцинация бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұл медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдарға қатысты, қосымша доза үшінші инъекциядан соң 4 айдан кейін енгізіледі. Мұндай шешім «омикронның» таралуына байланысты қабылданды, соңғы тәулікте елде штамды жұқтырудың 150-ден астам жаңа жағдайы тіркелді. Ұлыбританияда алғаш рет күніне 100 000-нан астам коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелді. Өткен күні 106 122 инфекция жұқтыру жағдайы анықталды. Бүкіл пандемия кезінде Ұлыбританияда ең жоғарғы көрсеткіш желтоқсанда тіркелді — содан кейін 93 000-нан астам инфекция анықталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.