Испанияда жер сілкінісінен кейін жанартау оянды

0 5

Испанияның Пальма аралындағы жанартаудан қайтадан лава атқылай бастады. Бұған осыдан 2 күн бұрын болған 4 жарым балдық жер сілкінісі себеп болды

Ғалымдар өзен сияқты аққан ыстық сұйықты «нағыз лава цунамиі» деп сипаттады. Осы аптада жанартау аймағынан 300-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Осылайша бір аптада 1200-дей адам эвакуацияланды. Абырой болғанда, табиғи апат салдарынан қайтыс болған ешкім жоқ. 85 мыңға жуық адам тұратын аралдың экономикасы негізінен ауыл шаруашылығы мен туризмге тәуелді болатын. Жанартау оянғалы аталған 2 сала шығынға ұшырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.