Италияда көшеге пицца пісіретін автомат қойылды

0 0

Италия астанасы Римде пицца автоматтары пайда болды. Автоматта 4 түрлі салма ұсынылады. Кез келген адам соның бірін таңдап, дайындалу барысын өзі бақылай алады. Сөйтіп, тамақ небәрі 3 минут ішінде әзір болады.

Автоматтарға қатысты тұрғындардың пікірі қақ жарылды. Біреулер мұны керемет идея десе, басқалары аппарат жергілікті мейрамханалар үшін бәсекелес болып, тамақтану орындарының жұмысына кері әсер ететінін айтады.

— Дәмі жаман емес. Бірақ мұны пицца деуге келмейтін шығар. Пьядина нанына ұқсас.

— Мейрамханадағы пиццаға жетпейді. Салмағы да аз, өлшемі де кішкентай.

Leave A Reply

Your email address will not be published.