Италияның тоғыз ірі қаласында аптап ыстыққа байланысты қауіптің «қызыл» деңгейі жарияланды

0 42

Италияның денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күні елдегі және Еуропаның көптеген басқа бөліктеріндегі аптап ыстыққа байланысты Италияның 27 ірі қаласының тоғызы жоғары дайындық деңгейіне қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Жамбыл инфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Италияның ANSA агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта бес қалада — Больцано, Брешиа, Флоренция, Латина және Перуджада «қызыл» деңгей жарияланған. Демек, аптап ыстық халықтың осал топтарына ғана емес, жалпы халыққа қауіп төндіреді. Тағы төрт мегаполис аймағында — Болонья, Генуя, Риети және Римде бұл дайындық деңгейі сәрсенбіде жарияланады.

Жоғары температура Италиядағы құрғақшылықты ушықтырды, бұл елдің ауыл шаруашылығына да елеулі әсер етті. Жергілікті фермерлер қауымдастығы «Coldiretti» Италияның ауыл шаруашылығы саласы құрғақшылық пен аптап ыстықтан 3 миллиард еуродан астам шығынға ұшырағанын, кейбір жағдайларда өнім 70 пайызға дейін төмендегенін айтты.

Еуропалық ғалымдардың пікірінше, аптап ыстық адамзат ықпалынан туындаған климаттық өзгерістермен байланысты. Сонымен бірге Брюссель қаласында жаңа «жылу рекорды» тіркелді. Уккель аймағында 33,7 градус температура тіркелді, бұл 18 шілдеде бельгиялық метеорологтар өлшеуді бастағаннан бергі ең ыстық күн болды. Сейсенбі күні ең жоғары температура Брюссель қаласында 38 градус шамасында болады деп болжануда.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.