Израиль мен «Хамас» Газа секторында соғысты тоқтатуға келісті
Бұл ақпаратты Қатардың премьер-министрі растады.
Израиль мен «ХАМАС» Газа секторында соғысты тоқтатуға келісті. Мәміле қаңтардың 19-да күшіне енеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Атысты тоқтату келісімі үш кезеңнен тұрады. Израиль әскері біртіндеп Газа секторынан шығады, анклавқа күн сайын гуманитарлық көмек тасыған жүздеген жүк көлігі кіргізіледі.
«Би-Би-Си»-дің мәліметінше, бұл кезеңде «Хамас» кепілдегі 94 адамның 33-ін бостандыққа шығарады. Екінші кезеңде тараптар соғысты толық аяқтауға бағытталған қадамдарды талқылайды.