JAMBYLINFO - "Үркер-2024" ұлттық сыйлығының номинанты атанды
«Үркер»-2024 ұлттық сыйлығының жеңімпаздарды анықталды
"Үркер" ұлттық байқауында "Aulieata-media" ЖШС қарасты "Jambyl-info" ақпарат агенттігі номинанттар қатарынан көрінді. Біздің сайт «Үздік өңірлік БАҚ» номинациясында 400-ден өтінімнің ішінен үздің төрттіктің тізімінен табылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Озық шығармашылық ұжымдарды анықтау және кәсіби тілшінің елеулі еңбегіне қоғам назарын аударуға бағытталған байқаудың шорт-листіне 52 үміткер ілінді.
Ұлттық сыйлықтың жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты кешке қатысқан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева негізгі номинациялардан бөлек «Время» газеті ұжымына арнайы сыйлықты табыстады.
Сондай-ақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орайластырылған марапат «Заң» газетіне де бұйырды.
Айтулы шарада сөз алған ведомство басшысы мемлекет тарапынан медианың дамуына, креативті жобалардың жүзеге асуына қолдау көрсету жалғаса беретінін атап өтті.
Салтанатты шарада аға буын журналистердің еңбегі лайықты бағанды. Айталық "Радиостанциядағы үздік жоба» аталымы бойынша теле-радио журналист Қымбат Досжан жеңімпаз атанды.
«Үркер» сыйлығына ие болған "Астана ақшамы" газеттің журналисі Нұрлат Байкенже журналистер арасында бәсеке жоғары екенін айтты.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылатын "Үркер" ұлттық сыйлығы ақпарат кеңістігіндегі тілшілер қауымын жаңа ізденістерге ынталандырады. Шығармашлық шабыт сыйлап, қаламдарын ұштайды. Аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдарының да көкжиегін кеңейтеді. Олардың медиа кеңістіктегі еңбектеріне қолдау болады. Қоғам тынысы мен тамыр бүлкілін назарда ұстап, қалың бұқараға тұщымды ой мен тың ақпарат жеткізуге асығатын қаламгерлердің мерейі үстем болған шара өнерпаздардың ән-жырымен жалғасты.
Астананың «Қазмедиа» орталығында «ҮРКЕР - 2024» ұлттық сыйлығы 12 номинация бойынша табысталып, конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына естелік мүсінше мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.
«ҮРКЕР» сыйлығының жеңімпаздары:
1. Жылдың үздік сұхбаты – Нұрлан Оразғалиев (Inbusiness.kz);
2. Жылдың үздік репортажы – Юлия Абрамова (Nur.kz);
3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал – Ксения Евдокименко (Time.kz);
4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі – Нұрлат Байкенже («Астана ақшамы» газеті);
5. Жылдың үздік аналитикалық материалы – Тимур Ниталиев (Ulysmedia.kz);
6. Радиостанциядағы үздік жоба – Қымбат Досжан (Қазақ радиосы);
7. Жылдың үздік фотосуреті – Сали Сабиров (Olympic.kz);
8. Жылдың үздік жаңалықтар порталы – Abai.kz;
9. Үздік өңірлік БАҚ – «Наш Костанай» газеті;
10. Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында) – Торғын Ашенова («Омбы қазақтары» газеті);
11. Үздік подкаст – NeQuryltay;
12. Үздік YouTube каналы – Sayahat Time (balbal.kz).
Ұлттық бәйге 12 номинация бойынша өткізілді. Байқауға барлығы 400 өтінім келіп түсті. Үздік жұмыстарды беделді журналистер мен медиа менеджерлерден құралған қазылар алқасы анықтады.
«Үркер» — 2024 Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 27 қыркүйек күні белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі Астана қаласы «Қазмедиа» орталығында өтеді.
Жеңімпаздарға «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталады.
Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілетін қазақстандық ұлттық «Үркер» сыйлығы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның назарын аудару мақсатында 2017 жылы тағайындалған.
Жалпы, үш күнге жалғасқан Astana Media Week 2024 апталығында жетекші сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері және танымал журналистер саланың өзекті мәселелерін талқылау үшін жиналды.
Үш күндік бағдарламада нарықтың ұдайы өзгеруіне байланысты мамандарды даярлау туралы пікір алмасулар, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың қоғамға әсері туралы дәрістер оқылды.
Қатысушылар ақпараттың жылдам ағыны жаңа форматтар мен мазмұн тәсілдерін құра отырып, медиа жұмысын қалай өзгертетінін талқылады.
Медиадағы құқықтық трансформация, көп платформалы экожүйелерді дамыту, өңірлік, спорттық және салалық журналистика, балалар контенті және әлеуметтік шиеленісті басқарудағы ахуалдық орталықтардың рөлі басты назарда болды