Жаңалықтар

Ербол Қарашөкеев жауаптыларға экономикалық өсім бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды

Бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен аппарат отырысы өтті

Жиында облыстың әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары айтылды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Басқосуда бірінші мәселе бойынша экономика және бюджеттік жобалау басқармасының басшысы Сандуғаш Әбдрәлиева баяндама жасады. Оның сөзінше, жыл басынан бергі 7 ай  бойынша облыстың экономикалық өсімі 103,3 пайызды құраған. Бұл ауыл шаруашылығы, құрылыс, негізгі капиталға салынған инвестиция, тұрғын үй, сауда, көлік, байланыс салаларындағы өсім есебінен қалыптасып отыр. Дей тұрғанмен, төмен көрсеткішке ие салалар да бар. 

Сонымен қатар, басқарма басшысы өңдеу әнеркәсібіндегі өндіріс кенжелеп қалғанын, бірқатар бағытта жоспарлы көрсеткішке қол жеткізілмеу қаупі барын атап өтті. 

Бұдан кейін аудандар бөлінісіндегі әр сала бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері айтылды. Межеге сай келмейтін көрсеткіш еншілеген аудан басшыларынан облыс әкімі жеке-жеке жауап алып, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, экономикалық өсім көрсеткішіне көңілі толмайтынын айтып, сала басшыларына жұмысты жандандыруды тапсырды.