Көкпар федерациясының жаңа президенті тағайындалды

16 сәуірде Астанада Республикалық көкпар федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті
Жиында ұлттық спорт түрінің жаңа даму кезеңі бекітіліп, өткен жылдың қорытындылары мен алдағы жоспарлар таныстырылған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Отырыс барысында федерацияның өткен жылға қорытындысы тыңдалып, биылға жоспары айтылды. Сонымен қатар Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Еркебұлан Ілиясов Көкпар федерациясының жаңа президентін тағайындау туралы ұсыныс білдіріп, Айдарбек Қожаназаров сайланды.
Өз кезегінде көкпар федерациясының жаңа президенті сенім білдірген жандарға алғыс айтып, саланың дамуы үшін еңбек ететінін жеткізді.