Жаңалықтар

Көкшетауда мектепті су басты

Көкшетауда қар еріп, қаладағы №22 орта мектептің ғимаратына су жайылып кеткен, деп хабарлайды jambylinfo.kz.Instagram желісіндегі sinegor.kz парақшасына сілтеме жасап.

Ақмола облысы ТЖД хабарлағандай, су басудың себебі – ішке өтетін электрокоммуникацияларға арналған тесіктердің дұрыс бітелмеуі.

– "Көкше-Тазалық" ЖШС күшімен құрамында 12 адам және бес техника бірлігі бар мектептің жертөле үй-жайынан еріген суды айдап шығарды. Сол жерде ТЖД күштері де жәрдем көрсетті. Жертөлеге су ағыны тоқтады, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала ктеейік, кеше 4 жасар бала Ақтөбе облысында еріген суға батып кеткен еді.

Азина Естай
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті