Жаңалықтар

Көкшетауды жылумен қамтамасыз ету үшін Үкіметтен қаржы бөлінді

The final spritzer

1,1 млрд теңге бөлінді

Көкшетауға Үкіметтен 1,1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Көкшетауды жылумен қамтамасыз ететін РК-2 көмір қазандығын жаңғыртуға Үкімет резервінен шамамен 1,1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Жөндеу жұмыстары 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына тұрақты дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, РК-2 қазандығы Көкшетау қаласының негізгі жылу көзі. Қаладағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 188,7 шақырымды құрайды, олардың көпшілігі 1977 жылдан бері пайдаланылып келеді.