Жаңалықтар

Көлік саудасындағы алаяқтықты азайтады

Көлік саудасындағы алаяқтықты азайтады

1 сәуірден бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, ел аумағында «Көлік құралдарының электронды паспорты» ұлттық жүйесін іске қосты. Электронды құжат меншік иесінің қалауы бойынша жаңа және сырттан әкелінген және тіркелген автокөліктерге рә­сім­­­делетін болады. Осы кө­лік құралдарын цифрландыру оның өмірлік циклін еліміз­де ғана емес, Еуразиялық эконо­ми­калық одақ аумағында да қадағалауға мүмкіндік бермек. Электронды паспорттарда көлік құралының техникалық сипаттамасы, меншік иесі жө­нінде мағлұматтар, тіркеу туралы, алымды кәдеге жарату төлемдері және кедендік шектеулер мен кедендік тазарту жө­нінде, сондай-ақ техникалық байқаудан өткені жайындағы мәліметтер болады. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төр­ағасы Ростислав Коняшкиннің ай­туынша, цифрлы құжат кө­­лік құралдарын сатудағы алаяқ­­тық жағдайлар санын азай­­тады. Осылайша, қазіргі және болашақ автокөлік ие­лері арасындағы мәміленің қа­уіпсіздігі мен ашықтығын қам­тамасыз етеді. – ЕАЭО орталық базасында тексеру есебінен қай­таланатын VIN кодтарды анық­тау мүмкіндігі пайда болады. Бұл халықты проблемалы автомобильдерді сатып алудан сақтандыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті ол. Автомобильді пайдалану кезінде көлік құралының пас­порты өзекті күйде болады және кез келген өзгерістер жү­йе­мен қадағаланбақ. Көлік құ­ралы туралы шынайы ақпа­раттың болуы ЕАЭО қатысушы елдердің бүкіл аумағында автомобильді сату немесе сатып алу процесін неғұрлым қауіпсіз етеді. Айта кетер жайт, жоба ЕАЭО елдері қол қойған көлік құралы паспортының бірыңғай нысандарын енгізу туралы келісімді іске асыру шең­берінде жүзеге асырылды.