Жаңалықтар

Көлікті 5 минуттан артық қыздыруға қатысты ереже өзгеріссіз қалды

Бұл туралы ақпаратты Экология министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді

Көлікті 5 минуттан артық қыздыруға қатысты ереже өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

"Көлікті қыздыруға бес минут жетеді" — Экология министрі.

"Солтүстік өңірлерге қатысты айтар болсақ, көлікті көптен бері жүргізіп келе жатқан әрбір адам бес минуттың жеткілікті екенін растай алады. Бұл кез келген солтүстік өңірге қолдануға болатын уақыт. Сондықтан, жанармай үнемдеу мәселесіне келсек, көп адам осы тұрғыда барынша тәртіпті бола бастады. Ал экология тұрғысынан алсақ, біз мұндай әдісті толығымен қолдаймыз, - деді Нысанбаев.