Жаңалықтар

Көмекке жиналған қаражатты жымқырған Перизат Қайрат екі айға қамалды

Бұл ақпарат туралы Астана қалалық сотының қызметі хабарлады.

Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«2024 жылғы 15 қарашада сотқа тергеу органдарының күдікті Перизат Қайратқа қатысты 2 айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші келіп түсті. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2024 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен күдікті Перизат Қайратқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды», - делінген хабарламада.