«Күнде кешке келіп алады»: Әли Оқапов неге Роза Рымбаевадан бөлек тұратынын айтып берді
Бұл туралы ол «1001 түн» бағдарламасында айтқан
Бағдарлама барысында Әли Оқапов пен оның жары Ақерке Бүркітбай отбасылық өмірі жайлы және Халық әртісі Роза Рымбаеваның немересімен қарым-қатынасы турасында әңгімелеп берген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жұлдызды жұптың айтуынша, Роза Рымбаева әже болғалы қатты өзгерген.
«Біз анамызбен көрші тұрамыз. Әжеміз немересін көру үшін күнде кем дегенде 2-3 рет келеді. Ал кешкі немересін жуындыру процессіне міндетті түрде қатысады. Тұңғыш немересі болған соң екеуінің байланысы күшті. Оның үстіне, анам баламды менің кішкентай кезіме қатты ұқсатады»,-дейді Әли Оқапов.
Сондай-ақ, Халық әртісінің келіні Ақерке Бүркітбай енесінің болашақтағы арман-жоспарлары туралы айтқан.
«Әжеміз немересіне «менің үйіме кел. Саған ағылшын тілін үйретуіміз керек. Болашақта бірге саяхаттаймыз, маған аудармашы боласың» деп айтып отырады»,- дейді ол енесінің арманын тілге тиек етіп.